Білім және ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында болады. Өйткені бүкіл рухани мұраттың материалдық базасы-экономиканы өркендету ісінде ғылым мен техниканың шешуші рөл атқаратыны ақиқат. Үмітін үзеңгі қылған елдің перзенттері ретінде білім мен ғылым ісінде бірігіп қимылдасақ, шығар тауымыз әрқашан биік болатынына ешкім де күмән келтірмес. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да, мұрағатымыз да осы болсын.
Н.Ә. Назарбаев

​